БАЛАЖАН

ЯСЛИ САДИК

Балдаурен тобы 2-3 жас

Балдәурен» кіші  тобы.

 Топта 17 бала бар. Топ балаларының жасы 2 -3 жас аралығында.

 

Топта екі тәрбиеші, тәрбиеші көмекшісі қызмет атұқарады.  Тәрбиешілер балалардың  денсаулығын, өмірі мен  қауіпсіздігін сақтауға міндетті. Балалардың бөбекжайдағы уақыты күн тәртібіне сәйкес ұйымдастырылады.

Таңғы қабылдаудан бастап әрбір баламен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайды. Жаттығу, таңғы ас, ұйымдастырылған іс-әрекет бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп отырады. Бөбекжай тәрбиеленушілерін білімді, талантты, талапты етіп тәрбиелеу мақсатында , тәрбиешілер  ата-аналармен  бірлесе  әрекет етеді.

  Балаларға үлгілік оқу жоспарына сәйкес, «Денсаулық», «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет» 5 білім саласы бойынша, бекітілген кестеге сүйене отырып, күнделікті оқу іс-әрекетін жүргізеді. Күнделікті оқу іс-әрекетін жүргізу барысында көрнекіліктер мен дидактикалық материалдар қолданылып, дәстүрлі және дәстүрден тыс әдістер қолданылады.  Оқу жүктемесі 9 сағат.

Пролистать наверх