БАЛАЖАН

ЯСЛИ САДИК

Балапан тобы 3-4 жас

«Балапан» ортаңғы тобы.

 Топта 25 бала бар. Топ балаларының жасы 4 -5 жас аралығында.

 

 Топ тәрбиешілері балалардың  денсаулығын, өмірін  сақтау міндетін, сауықтыру шараларын жаңа бағытта өткізіп,топтың  жұмыстарын толыққанды қамтамасыз етіп, зияткерлік,тұлғалық,әлеуметтік, эмоционалдық дамуын ұлттық рухта тәрбиеленуін ата-аналармен  бірлесе  отырып іске асырады.

Балаларға үлгілік оқу жоспарына сәйкес, «Денсаулық», «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет» 5 білім саласы бойынша, бекітілген кестеге сүйене отырып, күнделікті оқу іс-әрекетін жүргізеді. Күнделікті оқу іс-әрекетін жүргізу барысында көрнекіліктер мен дидактикалық материалдар қолданылып, дәстүрлі және дәстүрден тыс әдістер қолданылады.  Оқу жүктемесі 11 сағат.

Таңғы уақытта балалар бөбекжайға қабылданып, бекітілген күн тәртібіне сәйкес  жоспар бойынша, бөбекжайдағы болған уақыттарында таңғы жаттығу жасайды, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қатысып, серуенге шығады, демалыс уақытында демалады.

Топ  қажетті құралдармен, ойыншықтар мен толық жабдықталған. 

Пролистать наверх