БАЛАЖАН

ЯСЛИ САДИК

«Тәуелсіздік – Мәңгілік елдің тұғыры»

Тәуелсіздік-бала күнімізден құлағымызға құйылып, санамызға сіңіріп өскен қаситетті, киелі ұғым. Сіздің ойыңызда тәуелсіздікке жету жолындағы ата-бабамыздың, қазақтың қайсар рухты батырларының, кеудесін оққа тосқан қаһарман бауырларымыздың, еліміздің азаттығы үшін жанын қиған қай оқиғалар сақталған?

Бірінші Сақ патшайымы Томиристің өз ата-анасы бауырларынан айрылып, елінен жырақта жүріп, ел билеп, бертін келе өз отбасынан айрылып, тағдырдың талай сынына, өткелдері мен белестерінен асып өтіп, зұлым патша Крезден айласын асырып, еліміздің бостандығын жат елге тізгіндетпей, қазақты ешкімге тәуелді етпегені есімде.

Ал, менің жадымда екінші кезекте «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаның» қасіретке толы, иен даланы «Елім-айлап» көз жасымен жуған аналардың зарлы үні қалыпты.

«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаның» зұлматы қазақ елін сансыратып, жалаңаяқ,табаны тілініп қашуға мәжбүр қылғанымен, бас көтерген батырларын ерлікке жетеледі. Бөгенбай, Қабанбай, Саурық, Жәнібек, Малайсары, Абылай, Әбілқайыр сынды ел ағалары мен ержүрек батырлардың ерлігі , «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» оқиғасы қазақ халқының тарихында ұлы қасірет болып мәңгі сақталды 1723-1725жж .

Одан кейін Желтоқсан көтерілісі – тәуелсіздікке ұмтылған қазақ жастарының күресі. Қазақ елін қазақ басшы басқаруы керек деп ұрандатқан Қайрат Рысқұлбеков сынды ағаларымыздың ерлігі, Ләззат Асанова сынды

әпкелеріміздің өжеттілігі, қазақ ұрпағының тәуелсіздік таңын атыруға жанын берген, аттары санамызда мәңгі жаңғыратын ұлы тұлғалар.

Біз үшін тәуелсіздіктің шуақты таңы 1991 жылдың 16 желтоқсанында атты. Алғаш рет әлем көгінде «Қазақстан Республикасы» атты жаңа есім, күннің шұғылалы сәулесіндей жерге шуақ болып төгілді.

Еліміздің тұңғыш президенті болып –Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Биыл рухы асқақ, тұғыры биік мемлекетімізге 30 жыл толып отыр.

Тәуелсіздік күні – Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Тарих тұрғысынан қысқа мерзім ішінде халқымыз Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың саясатын қолдай отырып, әлеуметтік-экономикалық даму жолына түсті. Қазақстан Республикасы өзін бейбітшіл әрі жасампаз ел ретінде әлемге танытты. Ұлт Көшбасшысы «Қазақстан – 2050» Стратегиясында «Мәңгілік ел» идеясын Тәуелсіздігіміздің басты құндылығы ретінде атады.

30 жылдың бастапқы кезеңінде еліміз жаңа туған сәбидей әлсіз болды. Біртіндеп қадам басып, қалт-құлт еткен жас бүлдіршіндей болды. Жасы өскен сайын еліміз саяси, әлеуметтік тұрғыдан, білім саласынан жетістіктерге қол жеткізе бастады. «2030 , 2050» жылдарға бағытталған стратегиялар жолданды. Еліміз аймақтарға бөлінді, шетелдермен келіссөздер жүргізіліп, түрлі салаға инвестициялар салына бастады. Спорт әлемінде белгілі нәтижелерге қол жетізіп, еліміздің көкбайрағы әлемдегі озық елдердің қатарынан көріне бастады. Қазіргі таңда елбасының жүргізіп отырған саясатының арқасында, 30 жасқа толған оңы мен солын тани білетін, дамыған, шикізаты мен өндірісін қатар алып жүрген, мұнай мен кен орындарына бай, тәуелсіз, тұғыры биік мемлекетке айналып отырмыз.

Мен қызмет етіп отырған «Балажан» бөбекжайы елбасымыздың

«Балапан» бағдарламасы аясында ашылды.

Бағдарламаның мақсаты: Халықтың мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарына көрсетілетін қызметтеріне қажеттілігін қанағаттандыру.

Аталған бағдарлама аясында елімізде көптеген балабақшалар ашылып, көптеген адам жұмыспен қамтылды. «Балажан» балабақшасы 2011 жылдың қаңтар айында ашылып, ауыл бүлдіршіндерін мектепке дейінгі білім қазынасының қойнауына шақырды. Тәуелсіз еліміздің 20 жылдығында ашылған мектепке дейінгі ұйым еліміздің құндылықтарын балаларға дәріптеуді мақсат етті. «Тәрбие –тал бесіктен басталады» демекші бүлдіршіндерді елін сүйетін азамат болуға, қиын жолмен жеткен тәуелсіздікті ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып,бабалардан қалған аманатты, еліміздің кең байтақ, ұлан-ғайыр өлкесін, мәңгілік ел мұрасын уыстан шығармай, өзгеге олжа қылмай келешекте туымызды жықпай, аспан төрінде желбіреп, елдігімізді тайға таңба басқандай, әлемнің озық елдерінің қатарында тұруға, салт-дәстүрімізді ұмытпай, қасиетті қазақ тілін, қазақ елін қастерлейтін азамат ету жолында еңбек етуде. Отанын сүйетін ұлан тәрбиелеп,ұлтымызыдың рухани құндылықтарын қадірлеуді үйретуде. «Тәуелсіздік күні» мерекесі қарсаңында кіші топтарда тақырыптық оқу-қызметі, ортаңғы және ересек топтарда ашық ұйымдастырылған оқу-қызметтері жоспарға сай өткізіледі.

2016 жылы бөбекжай тәрбиеленушісі Тобақабыл Інжу аудандық «Туған ел тұғырым, көк туың қыдырың» байқауда марапатқа ие болды. 2019 жылы аудандық «Тәуелсіздік ел тұғыры» атты байқауда «Балажан» бөбекжайы жүлделі бірінші орынды иеленді. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының азаматы болғанымды, қазақтың таза қанынан жаралғанымды мақтан тұтатын, елімнің патриот азаматы болғанымды мақтанышпен айтамын!

Тәуелсіздік тұғыры

Тәуелсіздік тұғыры биік болсын,

Тұғырға ел қыраны мықтап қонсын.

«30» жылдық мерейтой, думанымыз,

«3000» жылға ұлассын , құтты болсын.

Сайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі

МКҚК «Балажан» бөбекжайы

Тәрбиеші Мамытбекова Айгерім

Пролистать наверх